СҚО-да аудандық полиция бөлімшесінің ғимаратында қолынан асылып тұрған ер адамның видеосы желіде таралды. Бейнежазбаның ар жағындағы дауыс мәйіттің жарты түн бойы осылай ілініп тұрғанын және оны ешкім байқамағанын айтуда. Qazaqstan Media тілшісі оқиғаның мән-жайын СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен анықтап білді.

27 маусым күні таңғы сағат 7-лер шамасында Ғ. Мүсірепов аудандық полиция бөліміне Новоишимское ауылындағы полицияның әкімшілік ғимаратының аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Азамат көшенің жүріс бөлігін аудандық полиция бөлімінің № 2 әкімшілік ғимаратына қарай кесіп өтуге тырысқаны анықталды. Әрі қарай, ол ғимараттың аумағына бет бұрған, дәл осы жерден оның мәйіті табылды. Оны бейнебақылау камералары арқылы көруге болады

“Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын зерделеуге бағытталған тиісті сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қызметтік тексеру тағайындалды. Айта кеткен жөн, № 2 әкімшілік ғимараттың аумағы күзетілмейді және ол негізгі полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан”, – делінген СҚО ПД баспасөз хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жастар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x