зейнеткерлер

Петропавлдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы 3 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгіндері мұнда 200-ге жуық зейнеткер бос уақытын тиімді өткізеді. Оларға 7 бағыт бойынша қызмет көрсетеледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Орталыққа келетін зейнеткерлердің ортақ мақсаты – саламатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытты тиімді өткізу. Олар бірге бас қосып йога, зумба биімен және сауықтыруға арналған дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады. Тиісінше, қариялар өздерін сергек сезініп, қан айналым жүйесін ретке келтіреді. Әрі бос уақытын тиімді өткізеді.

зейнеткерлер

«2021 жылдың тамыз айынан бастап мен осы орталыққа жетекшілік етемін. Негізгі бағытымыз – сауықтыру. Оған қоса біз мәдени іс-шараларды да ұйымдастырамыз. Орталыққа 160-қа жуық зейнеткер тұрақты түрде келеді», – дейді орталық жетекшісі Лидия Грабар.

Орталыққа тұрақты келушілердің бірі –Күлше Қасыпова. 8 жыл бұрын зейнетке шыққан ол осы орталықтың жұмысына дән риза. Мұнда зейнет жасындағы әйелдер денені шынықтырып қана қоймай, өз ортасын тапқан. Сондықтан әрбір дәрістегі жаңашылдық белсенді ардагерлер үшін ұзақ өмір сүруге деген құлшынысты арттыра түседі.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына келіп жүргеніме 3-ші жыл болды. Өзіме қатты ұнайды. Жаңа достар тауып, бос уақытымды тимді өткізудемін»,-дейді Күлше Қасыпова.

зейнеткерлер

Орталық саламатты өмір салтын қалыптастырумен қатар, мәдени концерттік іс-шараларды да тұрақты түрде өткізіп тұрады. Барлық үйірмеде 15-ке жуық оқытушы дәріс береді. Бұл іс-шараның барлығы – құрметті демалысқа шыққан аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Тағы оқыңыз: Аудандық полиция ғимаратының аумағында ерадамның мәйіті табылды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x