спорт

Облыстық прокуратура мамандары «Олимп» және «Дельфин» балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тексеріс жүргізді. Нәтижесінде екі мекемеде де бірқатар заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі. 

Тексеріс барысында еңбек заңнамасының нормаларын бұзу, «Дельфин» БЖСМ-де біліктілік санаттарын заңсыз беру фактілері анықталды. «Олимп» БЖСМ-нің оқушылары тиісті спорт жабдықтарымен қамтамасыз етілмеген. Тіпті, мұндағы шешінуге арналған бөлмелер талапқа сай болмай шыққан. Ал, жаттықтырушы ретінде жұмысқа заңсыз орналасқан кей тұлғалар негізсіз еңбекақы алып келген. Осыған қатысты облыс әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт басқармасына қадағалау актілері енгізілді. Оның қорытындылары бойынша бюджетке 6,8 млн.теңге қайтарылды. 14 тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылған, 4 азамат лауазымдарынан босатылды, 2 тұлға біліктілік  санаттарынан айырылды. Ал, осындай былыққа жол берген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы  С.В. Мелеховке сөгіс жарияланды.

Бұдан бөлек, спортсмендердің жарыстарға жарамдығы туралы дәрігерлердің қол қою үлгілерін қолдан жасау фактілері және банктік ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету туралы хаттары бойынша Петропавл қ. полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда белсенді зейнеткерлер үшін арнайы орталық жұмыс істейді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x