Петропавлдағы №28-ші жалпы білім беретін мектепте орналасқан №672-ші сайлау учаскесінде дауыс беру қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындар өте белсенді. Сайлау учаскесі ашылғаннан бастап өз таңдауын жасау үшін келіп жатқан халықтың қарасы қалың,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ел үшін тарихи күнге келіп жеттік. Қазақстан тұңғыш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Петропавлдағы №28-ші жалпы білім беретін мектепте дауыс беру қарқынды жүріп жатыр.

Комиссия мүшелері дауыс беру барысын бақылауда ұстады. Ең бастысы – тәртіп пен заң талаптарының сақталуы. Келушілер үшін кіреберісте дауыс беру ережесі ұсынылған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға бар жағдай жасалған.

Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавл жастары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда
Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавл жастары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда

«Кіреберіс жерде стандарттарға сай келетін пандус, ал ғимарат ішінде арбамен жүретін азаматтар үшін баспалдақсыз кең кеңістік бар. Нашар көретін адамдарға арналған тактильді жолақтар төселген. Сонымен қатар, учаскеде арнайы құлаққаптар мен лупалар орнатылған. Таңнан кешке дейін тұрғындарға қызмет көрсетеміз», — деді №672 референдум учаскесінің комиссия төрағасы Гүлжан Жақанова.

Таңғы уақыт болса да жастарымыз өте белсенді. Медициналық колледждің студенті Диас Керейбаев алғаш рет дауыс беріп тұр. Ол сайлауға қатысуды азаматтық борышым деп санайды.

Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавл жастары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда
Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавл жастары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда

«Толқып тұрмын. Учаскедегі комиссия мүшелері маған көп көмектесті. Дауыс бермес бұрын әр партияны мұқият зерттедім. Құрылтай сайлауынан кейін еліміз дамудың даңғыл жолына түседі деп ойлаймын, деді спикер.

Сонымен қатар, аталмыш учаскеде дауыс беруге келген азаматтар үшін төмен бағада азық-түлік сатылымға шығарылған. Әсіресе халық көп тұтынатын жұмыртқа, ұн, күнбағыс майы, күріш пен қант бар. Бағалары дүкен сөрелерінен әлдеқайда төмен. 

Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавл жастары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда
Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавл жастары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда

Тағы оқыңыз: Ел аумағында 10 363 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *