Жамбыл ауданында сайлау күні ұлттық нақыш ерекше көрініс тапты. Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымы дауыс беруге қазақтың ұлттық киімдерін киіп келіп, өз таңдауларын жасады. Осылайша орталық қызметкерлері азаматтық белсенділікті салт-дәстүрге деген құрметпен ұштастырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Ою-өрнекпен көмкерілген камзолдар мен ұлттық нақыштағы киімдер сайлау учаскесіне ерекше сән берді. Орталық мамандарының айтуынша, мұндай бастаманың астарында тек мерекелік көңіл күй қалыптастыру ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, елге деген құрмет пен бірлікті көрсету ниеті жатыр.

Жамбыл ауданында әлеуметтік қызметкерлер дауыс беруге ұлттық киіммен келді
Жамбыл ауданында әлеуметтік қызметкерлер дауыс беруге ұлттық киіммен келді

Қызметкерлер сайлауға ұжым болып қатысып, өз таңдауларын жасады. Олар үшін дауыс беру – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды сәт.

«Мұндай бастамалар ұжым ішіндегі бірлікті нығайтып қана қоймай, басқа азаматтарға да үлгі болады. Бұл – азаматтық міндетті орындауды ұлттық дәстүрге деген құрметпен ұштастырудың көрінісі», – деп хабарлады Жамбыл ауданының әкімдігі.

Ұлттық киіммен дауыс беруге келген әлеуметтік қызметкерлер сайлау күніне өзіндік реңк берді. Бір жағынан олар азаматтық таңдауын жасаса, екінші жағынан қазақтың ұлттық киімінің сәні мен мәнін көпшілікке көрсетті. Осылайша Преснов әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымы маңызды саяси науқанды ұлттық құндылықтармен сабақтастырды.

Тағы оқыңыз: Алғашқы дауыс, үлкен таңдау: Петропавлдықтар Құрылтай сайлауына белсенді қатысуда

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *