Ақжар ауданында ведомстволық сараптамадан өтпей 3 ауылдағы жолдар жөнделген

Ақжар ауданы әкімдігі мамандары ведомстволық сараптамадан өтпей 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізген. Ол прокурорлық талдау барысында анықталып, 363 млн теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласына талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады.

«Ақжар ауданының Экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, ведомстволық сараптамадан өтпей, 3 ауылдағы жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізген. Прокурорлық қадағалау шараларымен қабылданған аталған сатып алулар жойылды, нәтижесінде 363 млн теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді» -деп жазды ведомство.

Тағы да осы ауданда ауылдық округ әкімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн теңге көлемінде төлем жүргізіпті.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бюджет қаражатын өтеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: Тимирязев аудандық орталық ауруханасына күрделі жөндеу қажет

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x