Ақбөкендерді атуға рұқсат беріледі

Қазақстанда ақбөкендерді атуға рұқсат беріледі. Бұл жануардың бақылаусыз өсуін тоқтату және жайылымдар мен дақылдарды қорғау үшін қажет,  деп хабарлайды Qazaqstan Media. 

 Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазір ақбөкендердің саны 2 млн-,а жуықтаған.  Бұл тарихи максимум. 

«Биологиялық негіздемеге сәйкес ақбөкендер санын реттеудің екі түрі ұсынылды. Біріншісі – қоршау орнату. Екіншісі – түнде ату. Біз бірінші жолмен жүрдік, бірақ ауа – райының қолайсыздығына және көлікті тиімді пайдалануға байланысты екінші әдісті жоспарладық.Бірақ, ақбөкенді ет немесе мүйіз үшін заңсыз  аулау болмайды.Бар процесс экология министрлігінің қатаң бақылауында болады«, – деді министр. 

Ол тасымалдауға жарамсыз табиғи жағдайларға байланысты ақбөкенді аулау өте қиын болғанын атап өтті. Сондықтан оларды қалыпты мөлшерде атуға шешім қабылданған. 

Тағы оқыңыз: Өңірге «Еңбек» бағдарламасы бойынша жалпы 15 мыңнан астам адам келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x