2005 жылғы жасөспрімінің өліміне қатысты тергеу басталды

Ішіне доп тиіп қайтыс болған 2005 жылғы жасөспірімнің ісіне қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

16 қазан күні сағат 20:04-те Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» пультіне медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен. Жас жігітті Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлер алып кеткен. Футбол ойнау кезінде жасөспірім өзін жайсыз сезініп, жерге арқасымен құлаған.

“Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы “Адамның қайтыс болуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.”,- деді СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 2005 жылғы балаға доп тиіп қайтыс болды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x