4 күнде облыста 17 мас жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 4 күн ішінде 17 мас жүргізуші ұсталды. Ереже бұзу фактілері «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық алдын алу іс-шарасы барысында тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

22 маусым күні облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 күн ішінде 1438 жол ережесі бұзу фактілері жазылды. Олардың ішінде жылдамдықты асырудың 182 фактісі, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту кетудің 18 фактісі және маневр жасау ережелерін бұзу деректері де бар.

«8 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген. 31 жүргізушінің мініп жүрген көлігі техникалық тексеруден өтпегені белгілі болды. Сонымен қатар 17 мас жүргізуші тоқтатылды. Естеріңізде болсын, азаматтардың өмірі мен денсаулығы сіздердің тікелей жауапкершіліктеріңізге байланысты, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Тағы оқыңыз: Алексей Луценко ҚР VI Жазғы Спартакиадасының жүлдегері атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x