ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов облыстың коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысымен танысты. Бүгінде аталмыш сала жабдықтарының жоқ дегенде 50 пайызы ескірген,

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов облыстың коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысымен танысты. Бүгінде аталмыш сала жабдықтарының жоқ дегенде 50 пайызы ескірген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Олжас Бектенов қала тұрғындарын жылу энергиясымен үздіксіз әрі сапалы қамту мәселесіне баса назар аударды. Себебі, Петропавл 2-ЖЭО жабдығының 57,3%, Солтүстік-Қазақстан ЭТК жабдығының 96,6%, жылу желілерінің 77,5%-ның тозығы жеткен. Қазіргі таңда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылы инвестициялық және жөндеу науқаны аясында ЖЭО-да 17,6 млрд теңгенің жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2027 жылға дейін 739 шақырым электр желілері мен 240 қосалқы станция салу үшін жыл сайын бюджеттен 4 млрд теңгеден қаражат бөлу көзделіп отыр.

«Күзгі-қысқы кезеңнің қалыпты өтуі, сондай-ақ халықты жылу және электр энергиясымен тиісті деңгейде қамтамасыз ету – ерекше бақылауда. Станцияда жоспарланған жөндеу жұмыстарын уақтылы және толық орындап, осы жылдың соңына дейін жаңа түтін мұржасының құрылысын аяқтау қажет. Үкімет тарапынан ең маңызды жобаларды қаржыландыру бойынша қолдау көрсетілетін болады», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысына қаланың орталығы мен Жұмысшы кентін жалғайтын көпірді жөндеу жұмыстары да баяндалды. Жол өтпелі апатты жағдайда болуына байланысты өткен жылы оған жапсарлас көпірдің құрылысы басталған болатын.
Олжас Бектенов жол-көлік инфрақұрылымы Үкімет жұмысының басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Биылдың өзінде өңірде республикалық және жергілікті маңызы бар ортақ пайдаланылатын автожолдарды салуға және жөндеуге 39 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Тағы оқыңыз: Таныстарынан жақындарының еміне деп ақша жинаған петропавлдық сотталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x