Таныстарынан жақындарының еміне деп ақша жинаған петропавлдық сотталды

Петропавлда 37 жастағы азамат таныстарын алдап қомақты ақша алып, қайтармаған. Бұл әрекетін ол 2016 жылдан бастапты. Ол 5 жылға сотталды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Күдікті таныстарынан алдап ақша алуды 2016 жылдан бастапты. Біреуінен әйелінің еміне, біреуінен баласының еміне деп қомақты соманы сұраған. Тіпті кейбіріне қолхат жазып, үстіне пайызбен қайтарамын деп алдаған. 37 жастағы тұрғын 270 мыңнан бастап 15 млн теңгеге дейін алып отырған. Алған ақшаның бәрін өз қажетіне жұмсап келген. Алаяқтықтың құрбандары оның қайта-қайта айтқан уәделеріне сеніп келіпті. Тек 2023 жылы ғана полицияға арызданған.
Аталған қылмыстарды тергеумен айналысқан петропавлдық полицейлер оған қатысты 14 эпизодты анықтады. Бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бойынша сотқа жіберілді. Петропавл қалалық соты оны айыпты деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол келтірген шығынды да өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз: СҚО мектептерінде қайтадан қатты отын жағатын қазандықтар орнатылады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x