[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/01/hya1em-63104d106482c296891780-3.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Әр азамат конституциялық құқығын пайдаланып, бекітілген тізімге сәйкес сайлауға қатыса алады. Бүгіндері қалалық әкімдік сайлаушылардың тізімдерін әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сайлаушылар тізімдері дауыс беруге арналған нақты учаске аумағында тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде құрылады. Ал тұрақты тіркеуі жоқ азаматтар орналасқан жері бойынша қала әкімдігіне өтініш беріп, тізімге енгізіледі. Осыған байланысты, дауыс беру күніне 30 күн қалғанда (2023 жылғы 17 ақпанға дейін) өзінің тіркелген учаскесіне келе алмаған азамат қалалық әкімдікке (1 қабат, 5 терезе) өтініш беріп, тіркелуге құқылы.

Аталған құқық:

– дауыс беру күні тіркелген орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтарға;

– жатақханадан тыс жерде тұратын жоғары және орта арнайы оқу орындарында оқитын өзге қалалардың студенттеріне;

– вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтарға беріледі.

Петропавл қаласы әкімдігі ресми сайтының бас парақшасындағы http://izbiratel.sko.kz/ сілтемесі бойынша өтіп, арнайы көрсетілген жолаққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізе отыра, сонымен қатар, @SailauSkoBot сілтемесі бойынша өтіп TelegramBot арқылы өздеріңізді азаматтар тізімінде тексеруге болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы наурыздың 4-і мен 18-і аралығында азаматтар тізімінен өздеріңізді тексере аласыздар.   

 

 

 

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x