120 солтүстікқазақстандық «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген

«Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу үшін 120 солтүстікқазақстандық өтініш білдірген. 40 азаматтың сұранысы мақұлданды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы елді мекен тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған. Мұнда жұмыссыз, өз жеке ісін бастаймын деушілерге, бизнестері бар кәсіпкерлерге жеңілдетілген шағын несие беріледі. Басты шарт азаматтар ауылда тұрып, бизнес идеяларды сол жақта іске асырулары қажет. Қаржылай қолдауға ие болу үшін мерзімі өткен берешек болмауы тиіс және кепіл ретінде жылжымалы не жылжымайтын мүлікті қойғаны жөн.

«2,5%-дық шағын несие барлық салаға беріледі. Елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит сомасы – 2500 АЕК – ке дейін немесе 8,6 млн теңгені құрайды. Қарыз мерзімі – бағытына байланысты 2 жылдан 7 жылға дейін. Мәселен, мал шаруашылығы бойынша 7 жылға несие беріледі. Басқа бизнес-жобаларға 5 жылға дейін, агроқұрылымдар үшін егіс және егін жинау жұмыстарын кредиттеуге – 3 жылға, айналым қаражатын толықтыруға 2 жылға дейін қаржылай қолдау алуға болады», – деді шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөлімінің бастығы Талғат Жұмабеков.

Біздің өңірде тұрғындардың өтінішін «Солтүстік» ӘКК АҚ қабылдайды. Биылғы науқан 8 маусымда басталды. Осы уақытқа дейін «Ауыл аманатының» игілігін пайдалану үшін 120 теріскейлік өтінім тастаған. Жалпы сома 950 млн теңгені құрайды. 40 азаматтың құжаты қабылданып, өтініші мақұлданды. Бағдарламаға Қызылжар, Айыртау, Шал ақын ауданының тұрғындарының белсенді қатысып жатыр екен. Солтүстікқазақстандықтардың көбісі алған несиелері арқылы мал шаруашылығымен айналысқылары келеді. Айта кетсек, биыл мақұлданған алғашқы бизнес-жобаның авторы – әйел адам. Ол Қызылжар ауданы Бескөл ауылының маңында көлік жуатын орын ашпақшы. Енді оған 5,5 млн теңге берілетін болады. Жалпы, «Ауыл аманаты» жобасы аясында СҚО-ға 1,8 млрд теңге бөлінген.

Тағы оқыңыз:  «Жасыл Ел» жасақтары жұмысқа кірісті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x