«Жасыл Ел» жасақтары жұмысқа кірісті

СҚО-да «Жасыл ел» жасақтары жұмысын жандандырды. Биыл аталған жобаны іске асыруға 30 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Биыл «Жасыл Ел» қозғалыстың құрылғанына 18 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында өңірдің орман шаруашылықтарында 7 мыңнан астам жас жұмыс істеді. Жуырда жасақтың жұмысы қайтадан жанданды. Ол үшін «Ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру» бағдарламасы бойынша 29, 6 млн теңге бөлінді. Орташа алғанда, жергілікті бюджет қаражатынан жалақы 70 мың теңгені құрайды. Бұдан басқа, республикалық бюджеттен «Жасыл Ел» өңірлік штабы арқылы әрбір жауынгерге қосымша қаржы бөлінеді. Негізінен жастар орман питомниктеріне күтім жасап, тұқымдар мен ағаш жапырақтарын дайындайды. Тоғайларды  қоқыстан тазарту сынды шаруаларды атқарады. «Жасыл Ел» құрамына 16 мен 29 жас аралығындағы студенттер мен жұмыссыз жүрген жандар алынады.

«Жастар жұмыстан қалмаса, ай сайынғы жалақы шамамен 85 – 90 мың теңгені құрайды, оның үстіне арнайы киім-кешек беріледі. «Жасыл Ел» жауынгерлерін іріктеу тек 2023 жылдың 3 шілдесінен басталды. Жауынгерлерді қабылдауды СҚО бойынша өңірлік штаб («Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі, жетекшісі Р. А. Арманов) жүргізеді. Содан кейін тізімдер орман шаруашылықтарына беріледі, олар жауынгерлерді жұмысқа қабылдайды, олармен келісім-шарттар жасайды және жұмыс табельдерін жүргізеді», – делінген облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы таратқан ақпаратта.

Тағы оқыңыз: С.Мұқанов театры халықаралық фестивальде үздік атанды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x