азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда бір жыл ішінде азық-түліктің бағасы 18%-ға өсті. Әсіресе, жемістер мен көкөністер қымбаттаған. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

1 жыл ішінде елімізде күріштің бағасы күрт өсті. Ол бірден 7%-ға қымбаттаған. Ал сәуір айында қырыққабат – 4,7, қызанақ – 4,1, жүзім –3, алма – 2,6, алмұрт – 2,4%-ға өсті. Сонымен қатар, бұл уақытта алкогольсіз сусындардың бағасы – 2,5%-ға, ультрапастерленген сүт – 2,4%-ға, салқындатылған балық – 2,2%-ға, макарон өнімдерінікі 2,1%-ға жоғарылады. Дегенмен құны арзандаған тауарлар да бар. Мәселен, енді қиярды бұрынғыдан 11,4%-ға, қарақұмықты – 3,7%-ға, күнбағыс майын 2,6%-ға арзан бағада сатып алуға болады. Сәуірде дизельдік отынның құны да өзгеріссіз қалмады, баға 16%-ға көтерілді, бензин де 9,7%-ға қымбаттады.

Тағы оқыңыз: Аққайың ауданында мақсатсыз  пайдаланылып келген жерлер қайтарылуда 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x