Қызылжар ауданында тұрғындар алдан ала эвакуацияланды

Тасқын су Қызылжар ауданына жақындап қалды. Қазір қала маңындағы ауылдарда халықты эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазір тасқын су Қызылжар ауданына жақындап қалды. Сондықтан мұнда су басу қаупі бар ауыл тұрғындарын эвакуациялау басталды. Адамдарды, техника мен малды әкету үшін арнайы көлік бөлінді. Полицейлер, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ қызметкерлері эвакуация алдында халықпен жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық аулаларды аралап, адамдарға хабарламалар таратты, төтенше жағдай туындаған кездегі қауіп пен іс-қимыл тәртібін түсіндірді. Тәртіп сақшылары эвакуациялауға жататын адамдардың санын, сондай-ақ мүлікті тіркеді», – деп мәлімдеді жауапты ведомстводағылар.  

Қазіргі уақытта су облыс орталығынан небәрі 60 шақырым жерде орналасқан Қызылжар ауданы Семипалатное ауылына жақындады. Сондықтан  шеткі көшедегі 17 үйден адамдар шығарылды. Тұрғындардың дүние-мүлкін құтқаруға әкімдік қызметкерлері, полицейлер, құтқарушылар мен әскерилер көмектесті. Полиция қызметкерлері тонау фактілерін болдырмау үшін патрульдеуді жүзеге асыруда.

Қызылжар ауданында тұрғындар алдан ала эвакуацияланды

Қызылжар ауданында тұрғындар алдан ала эвакуацияланды

Қазір сол қағида бойынша Приишим және Боголюбов ауылдарында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала маңындағы Бескөл кентінде де эвакуация белсенді жүргізіліп жатыр. Онда су басу қаупі бар аймақтан 260 адам шығарылуда.

Тағы оқыңыз: Қызылжар су: тек ресми ақпаратқа сеніңіздер

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x