Қазақстанға АЭС қажет пе?

Энергетика министрлігінің мәліметінше алдағы 10 жылдан кейін бізге электр қуатын қосымша 18 ГВт-қа дейін артыру керек болады. Себебі, бізде қазір жұмыс істеп тұрған электр станциялары ол уақытқа дейін ескіреді. Елді электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге қуаты жетпей қалады. Бұл туралы бүгін Петропавлда өткен жария талқылауда айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Сол себепті де, кең байтақ елімізде атом станциясын салуға мүмкіндік бар. 

«АЭС салып,оның қуатын пайдалануымыз керек. Өйткені бізде, қуат көздері жылдан-жылға азайып келе жатыр. Сондықтан Қазақстан осы мәселеге ерте бастан дайындалып, оны жан-жақты талдап, шешу жолдарын іздестіруде»,-дейді СҚО құрметті азаматы Жарасай Сүлейменов

Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта атом электр стансасының көбі АҚШ пен Еуропада орналасқан. Одан кейін Жапония, Қытай, Ресейде де бар. Және жалпы әлемде электр энергиясына деген қажеттілік өсіп жатыр. Сол себепті де, қазіргі уақытта Қазақстанда да АЭС салу қызу талқылануда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу туралы шешім жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын айтты. Энергетика министрлігі мамандарының сөзінше, жыл сайын елімізде электр энергиясына деген қажеттілік 3 пайызға өсіп жатыр. Сол себепті, басқа көршілес мемлекеттерге тәуелді болып қалмас үшін, өз елмізде АЭС салу керек. 

«Энергетика министрлігінің мәліметінше, алдағы 10 жылдан кейін бізге электр қуатын қосымша 18 ГВт дейін артыру керек болады. Себебі, бізде қазір жұмыс істеп тұрған электр станциялары ол уақытқа дейін ескіріп, елді электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге қуаты жетпей қалады. Жыл санап елде электр қуатына деген қажеттілік артып келеді. Алдағы уақытта бұл қажеттілік 154 млрд КВтқа дейін жетеді. Ал, қазіргі электр станциялары тек 134 млрд КВт энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы.»,-деді ҚР энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалимова

Айта кету керек, АЭС салуға қатысты жария талқылау Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да лауазымды тұлғалар 348 жайылымдық жерді заңсыз берген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x