[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/photo_72075.jpeg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Еліміздің қоғамдық орындарында балағат сөз айтқан адамға салынатын айыппұл мөлшері 4 есеге көбейді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Айта кетсек, қоғамдық жерлерде жаман сөз айту Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінде «ұсақ бұзақылық» санатына жатады. Ереже бұзудың қатарына жеке тұлғаларды қорлау және оларға қысым көрсету, ғимараттарға, құрылыстарға, тұрғын үй-жайларға, ортақ пайдалану орындарына, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікке нұқсан келтіру, айналаға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын жайттар жатады. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұған дейін сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салатын. Бұл 17 250 теңгені құрады, немесе 15 тәулікке дейін қамауға алатын еді. Енді бүгіннен бастап айыппұл мөлшері 69 мың теңгеге жетті. Қамауға алу 5-тен 30 тәулікке дейін ұзарды.
[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]