Солтүстік Қазақстандағы қазақ өнерінің қара шаңырағы – Сәбит Мұқанов атындағы мемлекеттік қазақ сазды-драма театры Қостанай қаласына гастрольдік сапармен бармақ. Театр ұжымы 29–30 қазан күндері көрермендерге екі қойылым ұсынады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры Қостанай қаласына гастрольдік сапармен бармақ. Олар көршілес өңірдегі көрермендерге екі қойылым ұсынады. 29 қыркүйек күні сағат 10:00-де балаларға арналған А. Аламанның «Жалқаудың жыры» ертегісі сахналанады. Қойылымның режиссері – Д. Адыкенов.
Ал кешкі сағат 19:00-де көрермен назарына «Қарапайым адам» комедиясы ұсынылады. Спектакльді режиссер Барзу Абдураззаков сахналаған.
«Гастрольдік сапардың басты мақсаты – солтүстік өңіріндегі қазақ театрының өнерін өзге облыстың көрермендеріне таныстыру және шығармашылық байланысты нығайту», — деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/soltuestikqazaqstandyq-segiz-sportshy-aziya-ojyndarynda-el-namysyn-qorghajdy/

