Айыртау ауданындағы «Ясмина Агро» серіктестігі орақ науқанын 70 пайызға аяқтады. Ал жалпы егіс көлемі 17 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Айыртау ауданындағы «Ясмина Агро» серіктестігі 2022 жылы құрылған. Жалпы егіс алқабы 17 мың гектарды құрайды. Оның 11 мың гектары — дәнді-дақылдар. Сонымен қатар, майлы дақылдарға да ерекше көңіл бөлінуде.

Агроқұрылым орақ науқанын 70 пайызға аяқтапты. Берекелік 20 центнерді құрайды. Серіктестік биыл «Кең дала — 2» бағдарламасы аясында бір миллиард теңге жеңілдетілген несие алыпты.

Айыртауда егін жинау науқанының 80 пайызы орындалды
Айыртауда егін жинау науқанының 80 пайызы орындалды

«Астықтың сапасы жоғары. Серіктестікте 50-ден астам адам жұмыс істейді. 30-ға жуық техникамыз бар. Қазіргі таңжа алқапта 10 комбайн жүйткіп жүр», — деді серіктестік директоры Магомед Мусханов.

Айыртау ауданында дәнді дақылдарға арналған 200 мың гектарға жуық алқапта жұмыстар аяқталды. Бұл барлық жұмыстың 80 пайызы. Шығымдылық — 17 пайыз. Ал майлы дақылдарға арналған жердің 30 пайызы орылыпты.

Тағы оқыңыз: Петропавл маңында 50 тонна саз заңсыз өндірілген

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *