Петропавлдық жас футболшылар халықаралық аренада бақ сынайды. «Қызылжар-2013» командасы Черногория астанасы Подгорицада өтетін «Podgorica Trophy 2026» халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарыс 10-13 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. Турнирге Еуропаның бірқатар танымал футбол академиялары қатысады. Олардың қатарында Софияның ЦСКА-сы, «Црвена Звезда», «Партизан» және «Динамо Загреб» командалары бар. Бұл клубтардың академиялары талай әлем жұлдыздарын дайындаған.

Жас футболшылар үшін аталған жарыс тәжірибе жинап, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік бередк. Сонымен қатар қазақстандық команданың халықаралық додада ел намысын қорғауына жол ашады.

«Бұл – биыл «Қызылжар» футбол орталығы тәрбиеленушілерінің шетелдегі екінші турнирі. Бұған дейін «Қызылжар-2016» командасы «Evima Cup» жарысына қатысып, 8-орын алған болатын», — деді клубтың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-memleket-basshysynyng-aediletti-qoghamgha-shynshyl-soez-atty-kitaby-tanystyryldy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *