Петропавлда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су жаңа кітабы таныстырылды. Ол «Әділетті қоғамға — шыншыл сөз» деп аталады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Туындыда 30 жылдан астам кезеңді қамтитын маңызды деректер жазылған.. Кітапта Президенттің Қазақстан ішіндегі және беделді халықаралық шараларда тілге тиек еткен негізгі тезистері мен маңызды мәлімдемелері топтастырылған. Еңбекті оқыған оқырмандар өзіне көп мағлұмат ала алады.

«Бұл кітап Мемлекет басшысының сөздері мен баяндамалары арқылы жиналған. Онда Президент Қазақстанның қандай мемлекет болуы керек екені жайлы түсінік береді. Туындыны оқыған адам елдің дамуына зор үлес қоса аламыз», деді СҚО әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов.
Таныстырылым шарасын облыстың Құрметті азаматы, белгілі журналист Жарасбай Сүлейменов жүргізді. Талай еңбектің авторы Президентің сиясы әлі кеуіп үлгермеген кітабымен танысыпты. Ағамыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру және қоғамды дамыту мәселелеріне қатысты көзқарасын жоғары бағалайды.
Тағы оқыңыз: Бірнеше адамды өлтіріп, 40 жыл түрмеде отырған қылмыскер тағы сотталды

