Өңірде есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында «Арнайы ұйымдарды жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы аясында бірқатар кабинеттер жаңартылды. Игі іс «Қазақстан халқына»  атты қоғамдық қордың бастамасымен іске асырылған. Жалпы бағдарлама аясында облыс аумағындағы 7 арнайы мектеп жабдықталмақ. Бұған қор 160 млн теңге қаражат бөліп отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Бүгінгі таңда есту қабілеті нашар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында 100-ге жуық бала тәлім алады. Білім ордасы арнайы ұйымдармен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Солардың бірі – «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры. Олар қайырымдылық бағдарламасы аясында мектеп ішіндегі кабинеттерді білім алуға қолайлы етіп жаңартып берді. Бұл мақсатқа қоғамдық қор 33 млн теңге қаражат бөлген. Осылайша, мектеп-интернат кабинеттерінде заманауи компьютерлер, арнайы интерактивтік тақталар сондай-ақ, балалардың есту, сөйлеу қабілеттерін қалпына келтіруге көмектесетін соңғы үлгідегі жабдықтар орнатылды. Мектеп мұғалімдерінің сөзінше, мұндай заманауи құрылғылар балалардың ойлау қабілетін жақсартуға оң әсерін тигізеді.

«Осыған дейін мектеп ішінде 2 аудио кабинет жаңартылды. Бүгін қолданысқа беріліп отырған бөлмелермен мүлде салыстыруға келмейді. Екеуі ұқсас болса да, жаңартылып отырған кабинеттердің өзіндік функциясы бар. Мысалға әр оқушының құлағына тағылған қондырғылар жеке жұмыс істейді. Мониторда тембр деңгейі баланың қаншалықты естігенін көрсетеді. Жаңа қондырғылардың орнатылғанына мұғалімдер мен оқушылар қатты қуанышты. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына алғысымыз шексіз», – дейді есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының директоры Жеңіс Әбілмәжін.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x