[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][dsm_perspective_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/03/1200xauto_0xGWK0y5P8vRKMVGZbyv5rNfitowavbLcqr2cqwk.jpg» align=»center» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»][/dsm_perspective_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі елімізде міндетті бейнебақылау ережелерінің қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Ақпанның 27-сі күні Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сонымен қатар құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу (жарақтандыру және пайдалану) қағидаларын бекітті. Камера жүйелері жеке гигиена орындарын қоспағанда, келушілердің жүру бағыттары мен режимдік кабинеттерді де қамтиды. Нaқты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және заңбұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды. Мұндай шаралар Қазақстан рaтификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат eтілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған. Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлeл рeтiнде пайдалана алады.

«Қағидaлар Мeмлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберіндe әзірленді, бұл азаматтардың құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимыл жөнiндегі тағы бір пәрменді тосқауылға айналды»,-делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x