Қарағанды қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің арасында өңірлік жарыс өтті. Дода ХҚКО-лардың құрылуының 20 жылдығына арналып ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарысқа СҚО, Қарағанды мен Қостанай және Ұлытау облысынан келген командалар қатысты. Олар спорттың бес түрінен: футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат пен арқан тартудан сынға түсті.
 Теріскейлік мамандар сайыс басталысымен басқаларынан оқ бойы озық болды.

Мамандарымыз шынайы ерік-жігердің, төзімділік мен түсіністіктің нағыз үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар футбол, волейбол, үстел теннисі және арқан тарту бойынша тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Тек шахматтан жеңіске сынық сүйем жетпей қалып, екінші орынды иеленді.

Айта кету керек, үздік атанған жерлестеріміз республикалық жарыста бақ сынайтын болады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер мен күзетшілер сауда орындарында банкоматтарды бақылайтын болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *