Елімізде жазғы демалыс уақытында мәдени мекемелер балалар үшін қолжетімді бола түспек. Оқушылар театр мен музейлерге тегін кіре алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқушыларға жазғы демалысты тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру жұмыстарына мәдениет және ақпарат министрлігі де ат салысып жатыр. Олар өз жоспарлары туралы үкімет отырысында айтты. Баяндаманы еліміздің мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов оқыды. Ол жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.
«Жазғы уақытта еліміздің барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, өзге де мәдени мекемелерге тегін кіруге мүмкіндік жасалып отыр. Бұл әрбір балаға мәдени мұрамен етене танысып, рухани байи түсуге жол ашатын игі бастама», — деп толықтырды Қанат Ысқақов.
Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстанда осыдан алты жыл бұрын музейлерге кіру барлық тұрғындар үшін тегін болған еді. 2025 жылдан бастап мәдени мекемелер қайтадан ақылы бола бастады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жол белгілері мен таңбалар, бағдаршамдар жоқ