Петропавлда «Шен» кафесінде ер адам пышақ жарақатын алды. Оқиға 16-шы мамыр күні болған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Адам денсаулығына қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 47 жастағы қала тұрғынына пышақты 29 жастағы петропавлдық сұғып алған. Қазіргі кезде күдікті анықталып, ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Тағы оқыңыз: Петропавлда бензин құйып жатып темекі шеккен ер адамның денесінің 90% күйік шалды