Петропавлдағы медциналық колледж ұйымдастырған ашық есік күніне 120-ға жуық оқушы қатысты.  Облыс орталығының 13 мектебінің тоғызыншы және 11-ші сынып оқушылары үшін білім ордасы туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, әр мамандыққа қатысты сахналық қойылым арқылы мағлұмат жеткізілді, деп жазады Qazaqstan Media.

Петропавлдағы Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжіне биыл 95 жыл. Оқу ордасы осы уақыт аралығында мыңдаған түлекке білім беріп, облыс пен республикамыздағы кадр тапшылығын жоюға ат салысып келеді. Колледж өңірдегі  орта арнайы медициналық білім беретін жалғыз мекеме. Қазіргі кезде мұнда алты мамандық бойынша 1200-ге жуық студент оқып жатыр.

Петропавлдағы медициналық коллдежінде мектеп түлектері  үшін ашық есік күні өтті
Петропавлдағы медициналық коллдежінде мектеп түлектері  үшін ашық есік күні өтті

«Біздің колледж кәсіптік бағдарлау бойынша үлкен жұмыс атқарып жатыр. Облыстың барлық аудандарына шығып, мектеп түлектерімен кездесулер өткіздік. Петропавлдың 36 мектебінде Оған қоса,  студенттеріміз бірге барып, манекендерде медициналық көмек көрсету тәжірибелерін көрсетті»,-дейді колледж бөлімінің меңгерушісі Наталья Богач.

Петропавлдағы медициналық коллдежінде мектеп түлектері  үшін ашық есік күні өтті
Петропавлдағы медициналық коллдежінде мектеп түлектері  үшін ашық есік күні өтті

Оқу жылы басталғалы медициналық колледжде төрт ашық есік күні ұйымдастырылған. Оның  аясында тек облыс орталығының ғана емес, аудан мектептерінің де оқушылары білім ордасымен таныса алды. Оларға мамандықтар жайында дәрістер оқылып қана қоймай, сахналық қойылымдар арқылы да мәліметтер берілді. Бұл тәжірибелік көрсетілімдерге оқушылар да қатысты.

Петропавлдағы медициналық коллдежінде мектеп түлектері  үшін ашық есік күні өтті
Петропавлдағы медициналық коллдежінде мектеп түлектері  үшін ашық есік күні өтті

Тағы оқыңыз: Уалиханов ауданының спортшылары Өзбекстанда өткен гір көтеру спорты жарысында алтын мен күміс медаль жеңіп алды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *