Петропавлда қалалық әкімдікте 15 094 адам үй алу үшін кезекте тұр. Оның басым бөлігі, 5 634 тұрғын әлеуметтік осал топқа жататындар. Сонымен қатар, 30 қандас та пәтер мәселесін шеше алмай жүр екен, деп жазады Qazaqstan Media.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдын Макенов, қалалық маслихат комиссиясы  отырысында баяндама жасады. Оған сәйкес, облыс орталығында 15 094 адамның заңды баспанасы жоқ екен. Оның ішінде бірінші және екінші топ мүгедектігі бар 1010 тұрғын тұр. 3 546 толық емес отбасы да үй кезегінде екен. 30 қандас және жасы жеткен 536 зейнеткер де қалалық әкімдікте заңды үйі жоқ ретінде тіркелген.

«Азаматтар үй кезегіне тұру үшін Петропавлда тұрақты тіркеуде болуы шарт. Тұрғындардың 13 санаты баспана кезегіне тұра алады. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғыз баспанасы апатты деп танылған  отбасылар, мемлекеттік, әскери және бюджеттік сала қызметкерлері,толық емес отбасылар бар. Тұрғындар Egov электронды үкімет арқылы ЭСҚ арқылы үй кезегіне тұра алады», — деді Айдын Макенов.

Үй кезегінде тұрған азаматтарға баспаналар реттілікпен беріледі.

Тағы оқыңыз: МӘМС: СҚО тұрғындарының 83 % сақтандырылған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *