Абай мектебінде айтыскерлер сыныбы ашылды

Өңірде алғаш рет Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп гимназиясында айтыскерлер сыныбы ашылды. Ол «Төрт тоқсан – төрт өнер» жобасы аясында қолға алынған.  Енді мұнда мектептің жас ұл-қыздары айтыскерліктің қыр-сыры мен ақындық өнерді игеретін болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Абай мектебінің өнерлі оқушылары үшін білім ордасында жыршы, айтыскер және ақындарды даярлайтын арнайы сынып ашылдыОсыдан 12 жыл бұрын білім ордасында «Өнер» орталығы бой көтерген болатын. Онда оқушылар ән, хореография, театр өнері бойынша сабақ алады. Қазір онда 400-ден астам бала оқиды. Бұл жалпы Абай мектебі оқушыларының тең жартысы.

Абай мектебінде айтыскерлер сыныбы ашылды

 «Бұл жүйелі түрде оқылатын болады. 8 оқушыны таңдап алдық. Бүгінгі күнде қалалық білім бөлімінен 16 сағат берілді. Қыркүйектен мамырға дейін сабақ жүреді. Балалар аптасына 2 сағат айтыс туралы, ақындық өнер туралы жалпы мағлұмат алып танысатын болады.»,-дейді  Құрмет орденінің иегері, «Өнер» орталығының меңгерушісі Дәмеш Құрманкина

Айтыскерлер сыныбында оқушыларды айтыскер ақын, Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі – Жарқын Жұпархан оқытатын болады.

 «4 сыныптан ақындар сыныбы деген үйірмелерге барып жүрмін. Содан мен түрлі деңгейдегі айтыстарға да  қатысып жүлделер алып жүрмін.  Мектебімізде осындай айтыскерлер сыныбы ашылғанына қуаныштымын.»,-дейді Абай мектебінің оқушысы Елнұр Оңдасын.

Айтыскерлер сыныбының алғашқы оқушылары 24 қазан күні өтетін айтыскерлер сайысына қатысатын болады. Оған облыстан 30 оқушы іріктеліп алынған

Поделиться:

Shares
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x