Облыс тұрғындары есірткі жайында ақпаратты полицейлерге анонимді түрде Telegram арқылы хабарлай алады

12 қазаннан бастап танымал Telegram мессенджерінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының t.me/sko_narkohelp_bot атауымен жаңа боты өз жұмысын бастады. Бот арқылы есірткі жасырушылар, есірткі граффитиін салушылар, есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендерге сілтемелер туралы полицияға анонимді түрде хабарлауға болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Start батырмасын басқан соң жаңа хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ осы хабарламаға құқық бұзушылықтың фото және бейнежазбасын қосып жіберу мүмкіндігі бар. Ботты құруға «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты, «Еуразия» республикалық қоры қаржы бөлді. 

«Төрт күнде Telegram-боттың қолданушылары есірткі жеткізуші курьерлердің жұмысын ұсынатын интернет-ресурстардың екі сілтемесін жіберді. Бұл сілтемелер тексеруге және бұғаттауға жіберілді. Осы байланыс механизмі арқылы есірткі қылмысына қарсы күресте мүлік иелері бірлестіктері мен саяжай қоғамдастықтары төрағаларының, мұғалімдердің және қала өміріне бейжай қарамайтын азаматтардың күшін біріктіруге мүмкіндік бермек. Егер адамдар белсенділік танытып, полицейлерге уақытылы жүгінсе, Петропавл қаласының аналитикалық картасын құруға болады. Біз мұнда тіркелген құқық бұзушылықтар деңгейінің көрсеткіштерін көрсетеміз», – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Бұдан бөлек, желідегі қолданушылар ботта психотроптық заттарды қолданудың салдарымен, есірткінің заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікпен таныса алады.

Тағы оқыңыз: Алексей Луценко «Түркия турында» жеңіске жетті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x