Сәуірдің 8-і №5 «М» маршруттық автобуста шу көтерген Петропавлдың 67 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні ер адам өзіне қажет аялдамада тоқтамады деп қоғамдық көлік жүргізушісіне тап берді. Оның үстіне жол ақысын төлемей, жүргізушіні балағаттап, қол көтерген. Бұдан бөлек, спирттік ішімдік ішкен жүргінші өзін тоқтатпақ болған жас жігітті де тепкілеп, автобустан шыққысы келмеген. СҚО-ның полиция департаментінің мәлімдеуінше қазіргі таңда жанжалқой ұсталды.
«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері облыс орталығының 67 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелді»,-деді СҚО ПД баспасөз қызметі.