polisia.kz

Биылдыққа облыс аумағында жасөспірімдердің қатысуымен 6 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиғалардың кейбірі бірнеше рет қайталанған. Мәселен, 16 жастағы петропавлдық бұзақылық жасап, адам денсаулығына орташа зиян келтірген. Сол себепті де, тәртіп сақшыларының назарына талай мәрте іліккен. Мамандар ерекше режимдегі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жолдау үшін ереже бұзушыға қатысты материалды жинады.

«Бүгінгі таңда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар көбірек алаңдатады. 17-сі ағымдағы жылы тіркелген. Мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар елеулі рөл атқарады», – деді СҚО ПД ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.

Жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстардың санын азайту үшін қарапайым ережелерді ұстанған абзал. Кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта үлкендердің бақылауынсыз көшеде серуендеуге болмайды. Бастысы – ішімдік пен есірткіден аулақ болған жөн. Айта кетсек, елімізде балаларға, жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған психологиялық көмек телефоны бар. 8-800-080-8150 номеріне хабарласуға болады. Ал петропавлдық жасөспірімдер 8 (7152) 49-30-84 телефоны бойынша ювеналды полицияға жүгіне алады. Сондай-ақ “102” арнасына қоңырау шалу мүмкіндігі қарастырылған.

Тағы оқыңыз: Қоғамдық көлікте шу көтерген Петропавл тұрғыны қамауға алынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x