top-news.kz

Енді еліміздегі колледждерде оқу бағдарламалары өзгереді. Мұндай ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрілігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждерде алты бағыт және 16 пән бойынша жаңа үлгілік оқу бағдарламалары енгізіледі. Олардың қатарында педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, техникалық-технологиялық, көркемдік-технологиялық, аграрлық-технологиялық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бар. Бұл туралы Техникалық және кәсіптік білім департаменті басшылығы хабарлады. Жаңа үлгілік оқу бағдарламаларында жұмыс беруші талаптары мен өңір ерекшеліктері ескеріледі және сағат саны мен тақырыптардың мазмұнын 25% – ға дейін өзгерту көзделген.

«Жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламаларында білім алушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін бейіндік бағыт ескеріледі. Ол мамандыққа қатысты кәсіби-танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді. Мысалы, «көлем» тақырыбын алатын болсақ, оны зерттеу кезінде арнайы пән мұғалімі сабақты қозғалтқышы бар шеберханада өткізуге болады. Педагог оның қалай жұмыс істейтінін сол жерде көрсетеді, одан кейін студенттермен бірге қозғалтқыш, жану камерасы секілді басқа да элементтерінің сызбасын қарастырады. Маман үшін білім берудің бұл әдісі өте маңызды, бұл тәсілді математиканы оқытуда да пайдалануға», – дейді техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Ернат Жүнісов.

Тағы оқыңыз: Үкімет ауылдық жерлерді дамытудың тұжырымдамасын бекітті

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x