[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/7eada788-01a1-4876-947e-b382bcc2adb0-3.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]
Сәуір – дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату айы. Мақсаты — аутизм мәселесіне қоғам назарын аудару, осы дертке шалдыққан адамдар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету. Осы ретте психикалық денсаулық орталығында «Ментальді және АСБ бұзылыстары бар балаларға қатысты қоғамдағы теріс көз қарастың алдын алу» атты семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Балалар аутизмі — психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды. Оның бір ерекшелігі — сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала оларды шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды. Мәселен, қазіргі таңда біздің елімізде 5 мыңнан астам бала осы дертке шалдықса, соның 306-сы Солтүстік Қазақстан облысында тұрады.
«Балаға «аутизм» диагнозы қойылғанда кез келген отбасының берекесі қашады. Дегенмен бұл дертті жеңуге болады, тек ата-аналар баласының өмірі үшін күресе білу керек. Жоба үйлестірушісінің айтуынша, қажетті әдістерді қолдану арқылы белгілі бір нәтижеге қол жеткізу мүмкін», — дейді Психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Екатерина Пропащева.
Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттердің бірі – аутизм. Өкінішке орай елімізде бұл ауру туралы ақпарат өте аз. Ал бұл сырқатпен өз бетінше күресіп жүрген жандардың саны жылдан жылға артып келеді. АҚШ-та әрбір 88 баланың бірі аутизм дертіне шалдыққан болса, Қазақстанда бұл аурумен ауыратын балалардың нақты саны белгісіз. Себебі, ондай дертті дәл анықтап, диагноз қоятын мамандар аз. Аутизм диагнозы қойылған бала негізінен өзімен-өзі қалып, бойын немқұрайлық дендейді, жан-жағындағы адамдармен араласуы қиындап, қоршаған ортамен қарым-қатынасы үзіледі. Мамандар мұндай кезде ата-аналарға орталыққа хабарласып, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге кеңес береді.
«Аутизм – ми жұмысының бұзылуынан туатын ауру. Мамандар дерттің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дәйекті дәлел жоқ. Елімізде орташа есеппен 50 баланың бірі аутизмге шалдығады екен. Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады»,-дейді Психикалық денсаулық орталығының психологі Ирина Якимова.
Семинар барысында ата-аналар бір-бірімен танысып, ауруды жеңу жолдарымен, қажетті көмек, әдіс түрлерімен бөлісті. Аутизмді толық емдеу мүмкін емес, бірақ, симптомдарын түзетуге болады. Мамандардың айтуларынша, мұндай дертке шалдыққан балалар математика, музыка, сурет салу сынды пәндерден алғыр болса, басқа бағыттар бойынша қатарластарынан кеш дамиды екен. Бастысы, ерекше дамитын балалардың жалғыз еместігін ұмытпау.
[/et_pb_text][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/04/C0218.MP4_snapshot_00.02.433.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]