«Қызылжар» ФК соңғы жылдары балалар футболын дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Бұған басшылықтың ауысуы мен инвертордың келуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «GOAL.KZ» — ке сілтеме жасап.
Соңғы 20 жылдың ішінде «Қызылжар» футбол клубында балалар футболы күрделі кезеңдерді бастан өткерді. Ұлттық құрамаға ешкім шақыртылмаған. Қазіргі таңда жағдай мүлдем басқаша. Футбол десе жанын беретін кәсіпкерлер мәселені шешуде.
Атқарылған жұмыстарды жіпке тізсек. Балаларға арналған 200 доп пен спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. Бапкерлер толықтай киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта клуб түлектері ойын және жаттығуға арналған формалар әкелінеді.
Сондай-ақ, бірнеше жаңа ноутбук мен камера сатып алынды. Клуб базасында ойын бақылауға және тактика құруға мүмкіндік беретін түрлі платформалар іске қосылды. Кез келген бала жарысқа қатысу арқылы ысылады. Басшылық бұл бағытқа да ерекше көңіл бөлген.
Футбол клубының 2012, 2013, 2016 жылы туған жасөспірімдері Қытай, Болгария және Черногорияда өткен турнирге қатысты. Жүйелі жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Ең бастысы, оң нәтиже берсе болғаны.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жасанды интеллект мектептерде, медицинада және ауыл шаруашылығында қолданылып жатыр

