«Ауыл құтқарушылары» моншаның өртеніп кетуіне жол бермеді. Келеңсіз оқиға Жамбыл ауданында Троицкое ауылында орын алды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жамбыл ауданындағы Троицкое ауылында түнде монша өртенді. Тілсіз жауды «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің еріктілері сөндірді. Олардың жедел әрекетінің арқасында өрт бастапқы кезеңінде ауыздықталды, әйтпесе үйлерге таралып кетуі мүмкін еді.

Оқиға Березовка көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында болған. Өрт туралы хабар түскен бойда Троицкое ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бекетінің еріктілері оқиға орнына жедел жетті. Олар дереу іске кірісіп, жалынды бастапқы кезеңде сөндірді.

«Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды, әсіресе монша мен пешті пайдаланған кезде абай болуды ескертеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да депутаттыққа кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісті

Поделиться:

Shares