Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында Рухани келісім күніне орай мешіт қызметкерлері арасында шағын футболдан ашық облыстық турнир өтті. Жарыста солтүстікқазақстандық қос команда финалда кездесті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарысқа сегіз команда қатысты. Оның екеуі Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады. Нәтижесінде Жамбыл және Тимирязев аудандарының командалары финалға жолдама алды.

Шешуші кездесуде Жамбыл ауданының құрамасы жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді. Тимирязев ауданының командасы екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Қостанай облысының Сарыкөл ауданынан келген команда түйіндеді. Жекелей номинациялар бойынша Жамбыл ауданының ойыншысы Әли Шәймерденов «Үздік ойыншы» атанды. Ал Тимирязев ауданының қорғаушысы Әсет Макетаев «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.

«Турнирдің мақсаты – мешіт қызметкерлері арасындағы ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани құндылықтарды спорт арқылы дәріптеу», — делінген облыстық «Қызылжар» мешітінің ресми парақшасында

Тағы оқыңыз: Қазақстанда әрбір төртінші баланың артық салмағы бар

Поделиться:

Shares