10 қазанда Петропавлдағы «Алтын Арман», «Қызылжар Ақбастау» және «Дария» базарларында кезекті «Дала Дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өтті. Оған облыстың жеті ауданының өкілдері қатысты. Сауда сөрелеріне ет өнімдері, сүт өнімдері, бал, көкөністер, балық және жұмыртқа сияқты жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Қала тұрғындары мен қонақтарына шамамен 25  түрлі тауар ұсынылды. Бағалар нарықтағы орташа бағадан 10–15%-ға төмен болды. Бұл тұрғындарға қажетті азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкелер қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,686 млн теңгеге 4 032 кг өнім өткізілді. Атап айтқанда, 4 бас ірі қара еті, 2 бас шошқа еті, 19 бас қой еті, 58 кг құс еті  сатылды. Сонымен қатар 1 340 кг сүт өнімі, 250 кг бал, 420 кг картоп, 100 кг сәбіз бен қызылша сұраныста болды. 50 кг қырыққабат, 25 кг пияз, 90 кг балық, сондай-ақ 8 470 дана жұмыртқа сатылды.

«Дала Дәмі» жәрмеңкелері Петропавл қаласында әр сенбі сайын өткізіледі.  2026 жылдың басынан бері өңірде  273 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Одан түскен пайда  542,3 млн теңгеге жетеді. Салыстыру үшін, 2025 жылы өңірде 350 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Тағы оқыңыз: Жанат Мұхамеджанов: «Өз құқығын білетін ғана емес, міндетін де түсінетін азамат қажет»

Поделиться:

Shares