Солтүстік Қазақстан облысында «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті. Шара облыс прокуратурасы басқа да құзырлы органдармен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында ұйымдастырылды. Тағылымы мол жиынға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Олардың жалпы саны 100-ден асады.

 Жастарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді, сонымен қатар, этносаралық қатынастар, діни сауаттылық, толеранттылық және қоғамдық келісім мәселелері талқыланды. Акцияның негізгі мақсаты – этносаралық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, түрлі этнос өкілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыру және ұлтаралық келісімді нығайту.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері  жастармен өзара құрметті, бірлікті және мәдени әралуандықты сақтау тәжірибесімен бөлісті.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/ustazdyqty-zhuerek-qalawymen-tangdaghan-pedagog/

Поделиться:

Shares