Тайынша ауданындағы инвестициялық жобалармен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Чкалов ауылында «Север-Охота» серіктестігі артемия шаянының цистасын өңдеу және өткізу зауытын салуда. Жобаның құны – 1,3 млрд теңге. Кәсіпорын толық қуатына шыққан кезде жылына 1 200 тоннаға дейін өнім өңдей алады.

Теңдік ауылындағы «Аманат» шаруа қожалығы мал шаруашылығын дамытуда. Мемлекеттік бағдарламалар аясында шаруашылық 1,3 млрд теңге көлемінде несие алған. Алдағы уақытта Австралиядан ангус тұқымды 500 бас ірі қара және дорпер тұқымды 525 бас қой әкелу жоспарланып отыр.

Ильичевка ауылында «ПТФ Есильская» серіктестігі 80 мың жұмыртқалайтын тауыққа арналған жаңа құс қорасын тұрғызып жатыр. Жобаға кәсіпорын өз қаражаты есебінен 700 млн теңге бағыттауда.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/roza-bajgaskina-mughalimge-mejirimdilik-tuesinistik-pen-aedildik-kerek/

Поделиться:

Shares