Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда Үндістан өкілі Ловлина Боргохайнге есе жіберді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
27 жастағы спортшы Жапонияның Айти-Нагоя өңірінде өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жартылай финалда ол Үндістан өкілі Ловлина Боргохайнмен кездесті. Жекпе-жек тартысты өтті. Қорытынды есеп бойынша қарсылас 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, үндістандық спортшы финалға жолдама алса, Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл – қазақстандық боксшының құрлықтық додадағы екінші қола медалі. Ол бұған дейін 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленген.
Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия ойындарында екі қола медаль еншіледі. Бұған дейін 51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балқыбекова жарысты жартылай финалда аяқтаған болатын.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-78-myngnan-astam-adam-maems-zhuejesinde-saqtandyrylmaghan/

