Петропавлдағы Пестрое көлін тазартуға екі млрд теңге қарастырылған. Көлдің қазіргі жағдайына қатысты тұрғындардан шағым көп түскен. Олар су айдынының түбі лайланып, жағалауда қоқыс көбейгенін айтқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «24 kz» — ке сілтеме жасап.
Мәселені шешу үшін көлді тазарту жұмыстары үш кезең бойынша жүргізілмек. Алдымен тұрғындар шомылатын аумақ ретке келтіріледі. Бұл жұмыстарды биыл бастау жоспарланып отыр. Кейін көлдің орталық бөлігі тазартылып, су айдынының жалпы жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғаспақ. Жауапты мамандардың айтуынша, көлді тазарту кезінде оның түбіндегі жиналған лай мен басқа да қалдықтар шығарылады. Бұл су айдынының жағдайын жақсартуға және демалушылар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Көлдегі судың сапасына қатысты да зерттеу жүргізілген. Әкімнің айтуынша, Пестрое көлінен арнайы сынама алынып, сараптама жасалған. Зерттеу қорытындысы бойынша су сапасы қалыпты деп танылған.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-78-myngnan-astam-adam-maems-zhuejesinde-saqtandyrylmaghan/

