Солтүстік Қазақстан облысында 78 273 адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған. Оның ішінде 25 мыңнан астам тұрғын үшін жұмыс берушілер жарналарды уақытында аудармаған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында «Әлеуметті медициналық сақтандыру қоры»КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Айнагүл Давлетчина айтты, деп жазады Qazaqstan Media.
3 қыркүйектегі мәлімет бойынша облыс тұрғындарының 84,8 пайызы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Сақтандырылмағандардың ең үлкен тобын бұрын-соңды МӘМС жарнасын төлемеген азаматтар құрайды. Олардың саны шамамен 43 мың адам. Басым бөлігі еңбекке қабілетті жаста. Тағы 25 881 адамның сақтандыру мәртебесіне жұмыс берушілердің жарналарды кешіктіріп төлеген. Кей кезде төлем кезеңін қате көрсетуі немесе ұзақ мерзімді демалыс кезінде аударымдарды дұрыс жүргізбепті.
«Жұмыс берушілер тарапынан жарналар уақытында төленбейді, төлем кезеңінде қателіктер жіберіледі. Соның салдарынан қызметкерлер сақтандырылған мәртебесінен айырылып қалады», — деді Айнагүл Давлетчина.
Мұндай жағдай бірнеше ірі ұйымнан анықталған. Петропавлдағы Оңтүстік Орал темір жолы бөлімшесінде 221 қызметкер, «Масло-Дел» филиалында 139, «ЗИКСТО» серіктестігінде 108, «Зенченко и компанияда» 103, «Агрофирма Эксимнан» кәсіпорнында 96 адамның төлемдеріне қатысты мәселе болған.
Білім беру жүйесінде де осындай жағдай тіркелген. Облыстық білім басқармасы жүйесіндегі 617 қызметкер бойынша аударым мәселесі анықталған. Оның ішінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 169, Қызылжар ауданында 123, Тайынша ауданында 119, Ақжар ауданында 109 және Мамлют ауданында 97 қызметкер бар.
Тағы оқыңыз: СҚО-да жұмыс берушілердің қателігінен мыңдаған адам МӘМС-тен қағылған

