Солтүстік Қазақстанда биыл 713 пәтерлік сегіз көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілген. Жыл соңына дейін тағы бес көппәтерлі үйді пайдалануға тапсыру көзделген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Жаңа тұрғын үйлер салынып жатқан аумақтардың бірі – Копай шағын ауданы. Мұнда ескі үйлердің орнына көппәтерлі үйлер бой көтеруде. Екі баспанаға тұрғындар қоныстанды, тағы төртеуін жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Жаңа тұрғвнжайлардың бірінші қабаттарында мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген бір бөлмелі пәтерлер қарастырылған.
Тағы жеті үй жобаланып жатыр, олардың құрылысы келесі жылы басталады. Шағын ауданда мектеп салу да жоспарланған.
«2026 жылдың соңына дейін Петропавлда 461 пәтерлік бес көппәтерлі үйді пайдалануға беру көзделген. Пәтерлер «Отбасы банк» арқылы сатылымға шығарылады. Соның нәтижесінде 1,8 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсарта алады», — делінген СҚО әкімдігі берген хабарламада.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-qazan-ajynda-qar-aralas-zhangbyr-men-koektajghaq-bolady/

