Келер жылдың соңында «Қопай» шағын ауданында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бой көтереді. Жоба құны 6 млрд теңгеге жуықтайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы төрт қабатты болады. Қазіргі уақытта құрылыс аумағын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Онда симуляциялық оқу орталығы, сондай-ақ санитариялық көліктерге арналған жөндеу және жуу орындары болады.

«Станция 3 корпустан тұрады. Кешенде 20 көлікке арналған орын, оқыту орталығы және өндірістік ғимарат болады. Құрылыс жұмыстарымен жергілікті серіктестік айналысады. Нысан қолданысқа берілгеннен кейін жылына 100 мың шақыртуға шыға алады. Айта кету керек, қазіргі станцияның салынғанына 120 жылдан асқан», деді СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қосым Аңсатбаев.

Жаңа нысан жедел жәрдем қызметінің жұмысын заманауи талаптарға сай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, станцияның ашылуы медицина мамандарының біліктілігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін жедел медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етпек.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/teriskejlik-palwandar-qostanajda-atoj-saldy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *