Санат Мақанов Киров атындағы зауытта 21 жылдан бері еңбек етіп келе жатыр. Ол бүгін «Үздік тәлімгер» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бесінші разрядты металл жонушы бүгінде кәсіпорынның құрал-сайман учаскесінде жұмыс істейді. Металл жонушының негізгі міндеті – дайындамаларды арнайы станоктардың көмегімен өңдеп, қажетті пішін мен өлшемге келтіру. Ол пресс-қалыптар, штамптар, матрицалар және күрделі бөлшектер дайындайды.
Санат Мақановтың айтуынша, өндірістегі әр бөлшектің сапасы мен дәлдігі маңызды. Сондықтан металл жонушыдан ұқыптылықпен қатар, мол тәжірибе мен кәсіби шеберлік талап етіледі. Еңбекқор азамат өндірістік тәжірибеден өтуге келген колледж студенттеріне де тәлімгерлік етеді. Жас мамандарға жұмыс барысын үйретіп, кәсіби тәжірибесімен бөліседі.

«Зауытта 2005 жылдан бері жұмыс істеймін. Жастарға өз тәжірибемді үйретіп, бағыт-бағдар беремін. Тәлімгер болу – үлкен жауапкершілік», – дейді Санат Мақанов.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-paryz-zhaene-engbek-zholy-bajqawynyng-zhengimpazdary-anyqtaldy/

