СҚО-да «Парыз» және «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды
2013 жылдан бері елімізде «Еңбек күні» атап өтіледі. СҚО-да «Парыз» және «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі болып белгіленген дата қарсаңында үздік мамандар құрметке бөленді. Бұл –жыл сайын өтетін шара.. Петропавлда «Парыз» және «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
«Еңбек адамы — елдің байлығы. Өз ісінің майталмандары қай кезде болмасын құрметке лайық. Олар елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тыңбай еңбек етіп, отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсетіп жүр», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов..
«Парыз» байқауының бес аталым бойынша өтті. «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Ақселеу» серіктестігі жеңімпаз атанды. Агроқұрылым егін және мал шаруашылығымен айналысады. Кәсіпорын орналасқан Ковыльное ауылы жыл сайын қарқынды дамуда.
СҚО-да «Парыз» және «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды
«Биыл Ковыльное ауылында сауда орталығы мен асхана аштық. Наубайханамыз жұмыс істеп тұр. Онда нанның 10 түрі шығарылады. Еңбеккерлерімнің орташа жалақысы 360 мың теңгеден асады. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмын», — деді «Ақселеу» ЖШС директоры.
Бұл күні жеңімпаздар 9 номинация бойынша анықталды. Енді олар өңір намысын республикалық додада қорғайды.