Қазақстанда тұрғын үйлерді жер сілкінісі, су тасқыны және табиғи орман өрттерінен міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін. Тиісті норма жаңа «Сақтандыру нарығы туралы» заң жобасында қарастырылған, деп жазады Qazaqstan Media.

Құжатты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген. Әзірге жаңа талап күшіне енген жоқ. Ол заң жобасы ретінде қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қазір Қазақстанда тұрғын үйді сақтандыру ерікті. Агенттік мәліметінше, ел бойынша баспана иелерінің небәрі 3,2 пайызы ғана мүлкін сақтандырған. Алматыда бұл көрсеткіш 7,7 пайыз шамасында.

Жаңа жүйенің мақсаты — табиғи апаттан үйі бүлінген азаматтардың қаржылық шығынын азайту. Сақтандыру жағдайы болған кезде келген залалдың бір бөлігі немесе толық көлемі сақтандыру есебінен өтелуі көзделеді. Бұл төтенше жағдайлардан кейін бюджетке түсетін салмақты да азайтуы тиіс.

Заң жобасында сақтандыру саласын цифрландыру, тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту және жаңа сақтандыру өнімдерін енгізу де қарастырылған. Құжат 13 бөлім, 39 тарау және 255 баптан тұрады.

Маңыздысы — тұрғын үйді міндетті сақтандыру әзірге тек ұсыныс. Заң жобасы қабылданған жағдайда ғана жаңа талаптар күшіне енеді.

Тағы оқыңыз:  «Әділет» партиясы ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған ақпараттық саясатты күшейтуді ұсынды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *