Петропавлда радикалды діни идеологияны ұстанған әйелге қатысты алаяқтық бойынша төрт қылмыстық іс ашылды. Келтірілген жалпы шығын көлемі екі миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әйелдің әрекеті сотта дәлелденіп, оған үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жалпы, жыл басынан бері Қазақстанда полиция діни-экстремистік идеяларды желеу еткен 22 қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан. Олардың құрамындағы 64 адам ұсталды.

«Тергеу барысында мұндай топ мүшелерінің бопсалау, тонау, алаяқтық, браконьерлік және есірткі саудасына қатысы бар екені анықталған. Сондай-ақ кейбірінің заңсыз атыс қаруын сақтағаны белгілі болды. Полиция жыл басынан мұндай 155 қылмысты ашқан», — деп хабарлады ҚР ІІМ.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-ekpindi-zhel-bolady/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *